Басты бет

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Құрылыс жәнә көлік» факультетінің жеке сайты ашылғанын сіздерге қуанышпен жариялаймыз!
Құрылыс факултьтетi 1943 жылы құрылыс материалдарын өндiру технологиялық институт құрамында құрылған болатын. Механика  факультетi 1958 жылы  ұйымдастырылып, осы  екi факультеттiң бiрiгуі нәтижесiнде 1999 жылы бiрыңғай механика-   құрылыс  факультетi ашылды. Университет құрылымының  қайта өзгеруіне байланысты 2006 жылдың тамыз айынан, механика-  құрылыс  факультеті М. Әуезов атындағы университет құрамындағы Техникалық институт болып құрылды. 2009жылы тамыз айынан  бастап «Құрылыс,машина жасау және көлік факультететі» болып қайта құрылды. 2011 жылдың наурыз айынан бастап "Құрылыс      және көлік"  факультеті болып аталады.
Қазiргi таңда факультеттің 6 кафедрасында  оқытушылар құрамының жалпы саны 162 болса,  олардың iшiнде 12 ғылым докторлары, профессорлар, 81 ғылым кандидаттары мен  доценттері бар. Олардың ішінде   Шығыс Академиясының академигі, архитектура докторы, профессор Уралов А.С., МАИН академигі, п.ғ.д., профессор Жанабаев Ж.Ж. қызмет атқарып келеді.  
Жыл сайын факультет студенттерінің саны артып келеді. Қазіргі кезде факултетің құрамында жеті бітіртуші және үш жалпы білім беретін кафедра бар және 6 мамандық  бойынша мамандандық даярлайды және 1355-ден аса студент оқиды.
Барлық студенттер оқу-әдістемелік әдебиеттер фондымен, компьютерлік бағдарламалармен және сыныптармен, жеткілікті аудиториялық фондпен қамтамасыз етілген.
Болон процесінің міндетті параметрінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық тұрғысынан республика оқу орындары арасында, алыс-жақын шетел оқу орындарында халықаралық стажировкадан өту қарастырылған.
Ғылыми-ізденіс үйірмелері, шығармашылық студиялар, көнілді тапқырлар клубтары, Думан студенттік-жастар театры, спорттық үйірмелер студенттердің сабақтар бос уақыттарын маңызды өткізуге септігін тигізеді.
Студенттерге әлеуметтік жағдай барынша жасалған. Соңғы үлгідегі кітапхана, электронды оқу залы, ресурсты орталық, тегін интернет, акт залы, спорт залы, көркем-сурет галереясы, дәрігерлік кабинет, асхана, оқу ғимаратына жақын орналасқан 5 қабатты жатақхана міне осылардың барлығы студенттерге алаңсыз білім алуға жағдай жасайды.
Факультет студенттерге қосымша білім беру үшін алыс-жақын шетелдер жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырып тұрады.
Студенттеріміз көптеген халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.
Бітірушілеріміз түгелге жуық білім беру, мәдениет және әлеуметтік салаларда жемісті еңбек етіп жүр. Таланттары,  білімдері мен елге танылып, басшылық қызмет атқарып жүргендері де қаншама.
Құрметті достар, талапкерлер! Факультет өмірі  және мамандықтарымен жете танысу үшін осы ашылған сайт ойларыңыздан шығар деп айлаймыз. Өз пікірлеріңізді, айтар ойларыңызды көкейде жүрген сұрақтарыңызды бүкпесіз, ашық түрде саитқа ұсынуларыңызды сұраймыз. Біз өз тарапымыздан ашық барынша толық мағынада жауап беруге тырысамыз. Біздің парақшамызға қош келдіңіздер деген ізгі ниетпен: 

«Құрылыс және көлік» факультетінің деканы,
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Садықов Жеңіс Әбжанұлы