«Еңбек күні» тақырыбында ашық тәрбиелік сағат

2015 жылдың  2 қазанында  «Құрылыс және көлік» факультетіндегі «Сәулет» кафедрасында  сағат  12.50-де 435В аудиториясында  жыл сайын өтетін  ашық  тәрбиелік  сағат сабағын, 1-курс студенттері СМ 15-5к2 тобына  топ тәлімгері Жетпісбаева Б.У. «Еңбек күні» тақырыбында өткізді және ол мына төмендегіше.

Жоспар бойынша:

Кіріспе – топ тәлімгері  Жетпісбаева Б.У. тәрбиелік сағатты ашып, өз тобын таныстырып өтті  және  ашық сабақ  «Еңбек күні» тақырыбын түсіндіріп бір қатар мәліметтерді айтып өтті.

  1. Топ студенттерінің алғашқы құттықтау сөздері.
  2. Көңілді көтеру үшін – ән  1-курс студенті Досалиева А.
  3. Баяндама «Еңбек күніне арналған» оқыған студент Забиев Р.
  4. Интерактивті тақтада (кино-фильм) 20мин. Көрсетілім.
  5. Студенттерге сұрақ-жауаптар маңызды керекті тақырыптар бойынша.
  6. СМ 15-5к2 тобына қызықты-мақал мәтелдер мен ойындар жүргізілді.
  7.  Ойлау қабілеттерін дамыту үшін психологиялық тәжірибелер көрсетілім бойынша.
  8. Тәрбиелік сағаттың жабылуы сөз соңы - топ басшысы Жетпісбаева Б.У.

     Қазақстанда алғаш рет қыркүйек айының ең соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі аталып өтетін болды. Еңбек күнінің мақсаты мен өткізілетін шаралар жайында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеументтік даму вице-министрі Дәулет  Арғандықов толық баяндады.

    2013жылдың 22 қарашасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының сонғы жексенбісі аталып өтетін «Еңбек күні» енгізілді.Аталған мерекенің басты мақсаты жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады.

    Іс-шараны ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер палатасы келесі номинациялар бойынша- «Еңбек әулеті», «Еңбек ардагері», «Тәлімгер»,»Еңбек болашағы» және де «Еңбектегі өркендеу және инновация» арнайы марапаттармен құрмет көрсетілетін болады. Республикалық форумның шеңберінде эконмиканың әр түрлі саласындағы ең жақсы жұмысшыларын «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау рәсімі болып өтеді.

    2015 жылдың  2 қазанында  «Құрылыс және көлік» факультетіндегі «Сәулет» кафедрасы   сағат  12.50-де  жыл сайын өтетін  ашық  тәрбиелік  сағат сабағын 1-курс студенттері СМ 15-5к2 тобына  «Еңбек күні» тақырыбында өткізілді. Ашық тәрбиелік сағат сабағына, «Техникалық мамандар бойынша орыс-тілі»  кафедрасының аға оқытушысы  және факультет тәлімгері Мусантаева Майра Асанбекқызы., «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының менгерушісі  т.ғ.к.  Наукенова А.C.  және «Материалтану» кафедрасының аға оқытушылары мен «Сәулет» кафедрасының  менгерушісі  т.ғ.к.,  Иманалиев Қ.Е., сәулет өнер кандидаты Юсупов А.Н. және аға оқытушы Ералиев С.,  және аға тәлімгер Өміралиев М.  және  т.б. аға оқытушылар мен  оқытушылар қатысты.