Факультет туралы

 

Факультет деканы

Садықов Жеңіс Әбжанұлы

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

 

Мекен - жайы:   160000,  Шымкент, Тауке Хан даңғылы, 5, Құрылыс, машина жасау және көлік  факультеті.
Телефон:  8(7252) 21-19-78
www:  http://www.ukgu.kz ,   e-mail:   tn-1@mail.ru

Жалпы мәліметтер
Құрылыс факултьтетi 1943 жылы құрылыс материалдарын өндiру технологиялық институт құрамында құрылған болатын. Механика факультетi 1958 жылы  ұйымдастырылып, осы  екi факультеттiң бiрiгуі нәтижесiнде 1999 жылы бiрыңғай механика-құрылыс факультетi ашылды. Университет құрылымының  қайта өзгеруіне байланысты 2006 жылдың тамыз айынан, механика-құрылыс факультеті М. Әуезов атындағы университет құрамындағы Техникалық институт болып құрылды. 2009жылы тамыз айынан бастап «Құрылыс,машина жасау және көлік факультететі» болып қайта құрылды. 2011 жылдың наурыз айынан бастап "Құрылыс және көлік" факультеті болып аталады.
Профессор-оқытушы құрамы
Қазiргi таңда факультеттің 7 кафедрасында  оқытушылар құрамының жалпы саны 162 болса,  олардың iшiнде 12 ғылым докторлары, профессорлар, 81 ғылым кандидаттары мен  доценттері бар. Олардың ішінде   Шығыс Академиясының академигі, архитектура докторы, профессор Уралов А.С., МАИН академигі, п.ғ.д., профессор Жанабаев Ж.Ж. қызмет атқарып келеді.  
Студентік өмір
Жыл сайын факультет студенттерінің саны артып келеді. Қазіргі кезде факултетің құрамында жеті бітіртуші және үш жалпы білім беретін кафедра бар және 6 мамандық  бойынша мамандандық даярлайды және 1200-ден аса студент оқиды.
Барлық студенттер оқу-әдістемелік әдебиеттер фондымен, компьютерлік бағдарламалармен және сыныптармен, жеткілікті аудиториялық фондпен қамтамасыз етілген.

Талапкерлерге
5В042000- Сәулет
Мамандандырулар:
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті
Қалақұрылысы
Қалпына келтіру және қайта құрастыру
Ландшафт сәулеті
Оқу мерзімі: бакалавр -5  жыл, магистр - 2жыл
Біліктілігі – Сәулет бакалавры
            Кәсіптік қызмет саласы – жобалау шеберханалары мен институттары, құрылыс ұжымдары, білім беру мекемелері және жоғары оқу орындары.
            Түлектердің кәсіптік қызмет нысандары: қалалық және ауылдық құрылыстарды салу, оның құрылымы, құрылыс индустрия нысандары, өндірістік және ауылшаруашылық кешендері болып табылады.
            Кәсіптік қызмет түрлері:
жобалау-конструкторлық
өндірістік-технологиялық
орта-кәсіптік оқу орындарында, сәулет-құрылыс кәсіптік педагогикалық училищелерінде педагогтік.
            Кәсіптік  қызметтің мазмұны: педагогикалық және өндірістік-технологиялық қызмет етуді іске асыру, жобалау-сметалық құжаттарды жасау.
5В071300- Көлік, көлік техникасы және технологиялары
Мамандандырулар:
Автомобильдер және  автомобиль  шаруашылығы
Автосервис және фирмалық қызмет көрсету
Оқу мерзімі: бакалавр -4  жыл, магистр - 2жыл
Біліктілігі: Көлік бакалавры
            Кәсіби қызмет атқару салалары: көлік техникасын пайдаланушы меншіктің әртүрлі нысандарындағы мекемелер мен ұйымдар, конструкторлық-технологиялық және ғылыми мекемелер, автотранспорт кәсіпорындары, автомобиль жасау, жөндеу зауыттарының фирмалық және диллерлік орталықтары, маркетингтік және көлік-экспедициялық қызметтер, материалды-техникалық жабдықтау жүйелері, транспорт техникаларын, қосалқы бөлшектерді жинақтау бұйымдарын сату бөлімдері.
            Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысандары: көлік техникасы мен жабдықтарын жасайтын машина жасау және жөндеу зауыттары, көлік техникасын пайдаланатын мекемелер мен ұйымдар, құрылымдық, жобалау және технологиялық ұйымдар, машина жөндеу мекемелері, машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және делдалдық орталықтары, маркетингтік және көлік-экспедициялық қызметтері, көлікті басқару қызметтерінің, материалдық-техникалық қамсыздандыру жүйелері.
5В072900-Құрылыс
Мамандандырулар:
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы
Ғимараттар мен ғимараттардың есебі және жобалау
Сумен қамтамасыз ету және канализация
Жолдардың және аэродромдардың құрылысы
Газмұнай құбырлары және газмұнай сақтағыштардың құрылысы
Оқу мерзімі: бакалавр -4  жыл, магистр - 2жыл
Біліктілігі: Құрылыс бакалавры
            Кәсіби қызметінің саласы ретінде:
құрылыс, машина жасау құрылысы, химиялық, таукен ісі,мұнай және газ өнеркәсіптері, металлургия саласы қолданылады.     
            Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құрылыс-жинақтау басқармалары мен ұжымдары, құрылыс бұйымдарын өндіретін зауыттар , коммуналды шаруашылық мекемесі, құрылыс техникасы мен қондырғыларын жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестік бола алады.
            Кәсіби қызметінің түрлері:
өндірістік-басқарушылық – ғимараттарды, имараттарды инженерлік жүйелер мен жабдықтарды тұрғызу, жаңғырту бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстарын атқаратын; құрылыс машиналарын, механикалық, электрлік жабдықтаын және автоматтау құралдарын пайдаланатын және өндейтін ұжымдарды басқару;
жобалық-конструкторлық – ғимараттар мен имараттарды, инженерлік жүйелерін, механикалық және электрлік жабдықтары мен механизациялау құралдарын тұрғызу және жаңғырту бойынша жобалық-конструкторлық жұмыстарын орындау;   
ұйымдастыру-технологиялық – муниципалдық ұйымдар мен кәсіпорындарының құрылыстық жұмыстарын ұйымдастыру;
ғылыми-педагогикалық – жалпы білім беру мекемелерінде және зерттеу орталықтарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу.
5В073000- Құрылыс  материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
Мамандандыру:
Темірбетон және керамикалық материалдар өдіру.
Оқу мерзімі:  бакалавр -4  жыл, магистр - 2жыл
Біліктілігі: Құрылыс  материалдарын өндіру бакалавры
            Кәсіби қызмет атқару салалары:
Темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыттар;
Құрылыс материалдар комбинаттары;
Құрылыс материалдарын сынайтын мемлекеттік стандарт мекемесі;
Құрылыс материалдарының сапасын анықтайтын мемлекеттік экспертиза.       
5В090100- Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
Мамандандырулар:
Магистралды  темір жол транспортында тасымалдауды ұйымдастыру және басқару
Жол қозғалысын ұйымдастыру
Оқу мерзімі:  бакалавр -4  жыл, магистр - 2жыл
Біліктілігі: Көлік бакалавры
            Кәсіби қызмет атқару салалары: «Магистралды   темір жол транспортында тасымалдауды ұйымдастыру және  басқару» мамандығы бойынша: - «Казакстан темір жолы» ҰК-ның басқармасы, мекемелері мен  бөлімшелері; темір жолдың, бекеттердің, өндірістік аудандардың, терминалдардың, жүк бекеттерінің әр түрлі қызметтері; транспорттық-экспедициялық мекемелер мен ұйымдар; темір жол транспортында тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мекемелері мен ұйымдары.
            «Жол козғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша: - Жол полициясы басқармасы, жол козғалысын ұйымдастыру бойынша жобалау мекемелері, автотранспорт мекемелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігі қызметі, транспорттық инспекция мен кедендік қызмет органдары, жол козғалысының кауіпсіздігі бойынша сараптау  мекемелері, жергілікті әкімшіліктердегі транспорт департаменттері басқармалары мен бөлімдері.
            Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысандары: көлік кәсіпорындары және олардың бөлімшелері, мемлекеттік көлік инспекциясы мен көлікті басқарудың аймақтық органдары, көлікті-экспедициялық кәсіпорындар мен ұйымдар.
 5В073100 – «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Оқу мерзімі:  бакалавр -4  жыл, магистр – 1.5жыл
Біліктілігі: «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бакалавры»
Түлектердің қызмет жасау салалары: Төтенше жағдайлар бойынша құрылымдық бөлiмшелерi, тiршiлiк қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтитын жабдықтар мен қондырғыларды пайдаланатын мекемелер, экологиялық мекемелер, қорықтар, жер комитеттері, су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау мекемелерi, ауа райын болжау станциялары, су және өрттен қорғау инспекциялары, азаматтық қорғаныс бөлімшелері, ғылыми зерттеу институттары, экономикалық салалар, білім мекемелері.

Анықтама сымтетіктері:
Факультет деканы
т.ғ.к., доцент Садықов Жеңіс Әбжанұлы                              21-19-78
«Сәулет» кафедра меңгерушісі
т.ғ.к., доцент  Иманалиев Қуаныш Ералыұлы                     30-02-53
«Көлік және қозғалысты ұйымдастыру» кафедра меңгерушісі
т.ғ.к., доцент Үсіпбеков Үсен Асылбекұлы                           30-02-53
«Өндірістік, азаматтық және жол құрылысы» кафедра меңгерушісі
т.ғ.к., доцент Үсенқулов Женісбек Амантайұлы                   21-23-18
«Құрылыс  материалдарын, бұйымдарын және  конструкцияларын  өндіру технологиясы» кафедра меңгерушісі
т.ғ.к., доцент Көпжасаров Бахадұр Тастанбекұлы              21-23-18
«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедра меңгерушісі
т.ғ.к., доцент Наукенова Айгүл Сағындыққызы              21-46-07