Флоренция қаласындағы Еуразия сәулет-құрылыс және дизайнерлер мектебінің V халықаралық фестивалінің қорытындысы туралы

  ҚазБСҚА (Алматы, Қазақстан), ТЮРКСОЙ (Анкара, Түркия), Түркі Әлемінің Сәулетшілер Одағы (Анкара, Түркия) және Мәдениетаралық диалог университетінің Ромуальдо дель Бианко қоры (Флоренция, Италия) ұйымдастыруымен 2015 жылдың желтоқсан айының 07-11 жұлдызында Флоренция қаласында (Италия) Еуразия сәулет-құрылыс және дизайнерлер мектебінің V халықаралық фестивалі өтті.

Фестивальда халықаралық қазылар алқасы назарына Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Түркия, Молдова, Болгария, Литва, Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Татарстан Республикасы, Өзбекстанның 66 жоғары оқу орындарынан 120-дан астам өкілдері қатысып 350-ден астам дипломдық жобалар ұсынылды.

 М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен «Сәулет» кафедрасының меңгерушісі Иманалиев Қ.Е. қатысты.

Дипломдық жобалардың халықаралық байқауы онлайн режимін ұйымдастырылды және халықаралық конкурс келесі номинациялар бойынша өтті: сәулет, дизайн, құрылыс, құрылыс материалдарының, бұйымдардың және конструкциялардың өндірісі.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Сәулет» кафедрасынан ұсынылған 3 дипломдық жобалардың бірі жүлделі III орынға ие болды (студент Швайковская А.В., жетекші Юсупов А.Н.), және басқаларына сертификаттар берілді.

Халықаралық фестивальдің ұйымдастырушылары мен әділ қазы мүшелері М. Әуезов атындағы ОҚМУ тарапынан ұсынылған дипломдық жобалардың орындалуы мен өзектілігінің жоғары деңгейде екенің атап өтті.

  javascript:void(0)