ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ - ҮЗДІК 50 ЕСІМ

Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы туралы

«Құрылыс және көлік» факультеті 

Алматы қаласында «Сәулет» бағыты бойынша республикалық пәндік олимпиада Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясы

2018 жылдың 12-13 сәуір

 

   1.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық пәндер олимпиадасын өткізу кестесіне сай: 5В071300- Көлік, көлік техникасы және технологиясы мен 5В090100- «Көлiкті пайдалану және тасымалдау мен қозғалысты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша пәндік олимпиада 11.04.2018ж. күні Алматы қаласында, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында  (КазАТК) өтті.

        2.  Оған Университетіміздің  «Құрылыс және көлік» факультетінің «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасында өткізілген студенттер арасындағы І-ші пән аралық жарыстардың жеңімпаздары: 

  • «5В090100» - Көлікті пайдалану  және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру  мамандығы бойынша:
  1.  Разаков А.А.                             -       СМ -15 - 2к2  тобы
  2.  Мырзагелді Н.С.                       -       СМ -15 -  2к2 тобы
  •    5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялар   мамандығы бойынша:                   
  1. Батырбек Р.Ж.                            -  СМ -15-1к1 тобы
  2. Талипбаева Ж.С.                        -  СМ -15-1к1 тобы

     Және олардың ғылыми жетекшілері  «КТжҚҰ»  кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ү.А.Үсіпбаев  пен  т.ғ.к., доцент  Тағаев Н.С.   қатысты.

  1. М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасын өткізу комитетінің (комиссиясының) құрамы:
  1. Президент-ректор КазАТК т.ғ.д., профессор Қуанышев Б.М.
  2. Академияның ОІжҒЖ проекторы.
  3. Тасымалдауды ұйымдастыру, логистика және

Көлік техникасы  факультеттерінің  декандары.

  1. «Көлікті пайдалану және тасымалдау мен қозғалысты ұйымдастыру», «Жылжымалы құрам» және «Автомобильдер, жол техникалары мен стандарттау» кафедраларының меңгерушілері.
  2. Ғылым мен халықаралық байланыстар бөлімінің жауапты қызметкерлері.
  3.   М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында  өткізілген республикалық пәндер олимпиадасына Қазақстанның  әр өңірінен  30-ға жуық  Жоғары оқу орындарының түлектері қатысты, олар:

       М. Дулати атындағы ТарМУ, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университеті, Қазақ қатынас жолдары университеті, А. Мырзахмет атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жолдар университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, 

 Л.Н. Гумилева атындағы Евразия ұлттық  университеті,  Қазақ ұлтық  аграрлық университеті, М.Дулатов атындағы Қостанай  инженерлік-экономикалық университеті, Жәңгір Хан атындағы Батыс-Қазақстандық университет, Қызылорда Болашақ университеті, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, Қорқыт-Ата атындағы ҚМУ, Орталық-Азия университеті (ЦАУ), Қазақ-Неміс Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық Алматы университеті,  Евразиялық технологиялық  университеті және т.б..

   Міне осы Қазақстанның белгілі университеттер студенттері арасында өзіміздің  М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Құрылыс және көлік» факультетінің «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасынан  олимпиадаға қатысқан студенттері- өз білімдері мен біліктіліктерін өте жақсы деңгейде көрсетіп, өздерінің осал еместігін осы Республикалық пәндік олимпиада өту барысында жан-жақты көрсетті.

  1. Олимпияда нәтижелері
  2. «5В090100» - Көлікті пайдалану  және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру  мамандығы бойынша  «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»  пәнінен олимпиадаға қатысқан СМ -15- 2к2  тобының келесі студенттері: Разаков А.А., Мырзагелді Н.С.  өздерінің  білімдерінің жоғары дәрежеде екендігін көрсетті.

Олар қазылар алқасының шешімімен Республикалық пәндер олимпиясының белсенді қатысушылары деп марапатталып, оларға Сертификат берілді.   

  1.     5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялар   мамандығы бойынша  «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» және «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері» пәндерінен олимпиадаға қатысқан СМ -15-1к1 тобының студенттері:  Батырбек Роза,   Жібек Талипбаевалар  өте тамаша жетістікке жетіп, жоғары ұпайларға ие болды.

                     Қазылар алқасының шешімімен:

Батырбек Роза Жақсылыққызы 5В071300 - Көлік, көлік техникасы және технологиясы мамандығы бойынша «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері»  пәнінен   Республикалық пәндер олимпиадасының жеңімпазы аталып,  ІІІ-ші дәрежелі дипломмен марапаттауға ұсынылды

         Талипбаева Жібек Сапаралиевна 5В071300 - Көлік, көлік техникасы және технологиясы мамандығы бойынша «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәнінен   Республикалық пәндер олимпиадасының жеңімпазы аталып,  ІІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатауға ұсынылды.

            Осылайша біздің студенттер өз білімдерінің жоғары деңгейде 

      екендігін көрсетіп, Университет  абыройын біршама көтеріп тастады.  

  Осы студенттер жетекшілеріне, атап айтсақ «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент  Ү.А.Үсіпбаев және кафедра доценті, т.ғ.к. Н.С. Тағаевты Олимпиада ұйымдастыру алқасы «Ағыс хат»-пен марапаттады.

  1. Жалпы, Алматыда қаласында Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында (КазАТК) өткен республикалық пәндік Олимпиада жоғары деңгейде өтті. Оның бір дәлелі оған қатысқан 100-ден аса алғыр студенттер -  еліміздің белді де алдыңғы қатарлы білім ордаларының түлектері, ал ұйымдастырушылар алқасының мүшелері  Республикамызға танымал көлік және коммуникациялар саласының майталман  ғалымдары, ғылым докторлары мен профессорлары.

    Осындай республикалық жарыстарға көбірек студенттер қатысса, оған қатысқандардың барлығы да жүлделі орындардан көрінбесе де, оның осы форумға қатысқан студенттерге берері өте көп екендігіне көзіміз жетті.

     Олимпиада өту барысында М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының келесі «Көлікті пайдалану және тасымалдау мен қозғалысты ұйымдастыру», «Жылжымалы  құрам» және «Автомобильдер, жол техникалары мен стандарттау» кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушыларымен әдеттегідей М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент  Ү.А.Үсіпбаев және кафедра доценті, т.ғ.к. Н.С. Тағаевтың қатысуымен  оқу-үрдісі жұмыстарын жетілдіру, оптимизациялау; оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыздандыру, алмасу; қазіргі кездегі көлік саласында қолданыс тапқан сөздер-терминдер туралы, ғылыми конференцияларды өткізу т.б. мәселелер жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.

12.04.-13.04.2018ж мерзімінде Алматы қаласының Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясында мамандық бойынша республикалық пәндер олимпиадасы өтті. 05072900- құрылыс мамандығы бойынша Алматы қаласында өткен мамандық бойынша республикалық пәндер олимпиадасына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік универистетінің «Құрылыс және көлік факультетінің» СМ 15-6к2 тобынан Жанабай Айжан, Камалов Халмурад (құрылыс конструкциялары-1 және инженерлік механика -2 пәндерінен),Тұрсынқұлов Бәйдібек (геотехника-1 пәнінен), CМ 15-6к1 тобынан Беркімбай Ғалымжан (инженерлік механика-2 пәнінен), Манасов Мейрбек (геотехника-1 пәнінен), CМ 16-6к1 тобынан Эргашбай Асылжан (инженерлік механика-1) қатысты.

Пәндер олимпиадасы қорытындысы бойынша СМ 15-6к2 тобынан Жанабай Айжан құрылыс конструкциялары-1 пәнінен 2 орын және инженерлік механика-2 пәнінен 3 орын орын алды, ал CМ 15-6к1 тобының студенті Беркімбай Ғалымжан инженерлік механика-2 пәнінен 2 орын алды.

12.04.-13.04.2018ж мерзімінде Алматы қаласында өткен мамандық бойынша республикалық пәндер олимпиадасы өтті. 05073000- құрылыс материалдары бұйымдары және конструкциялар технологиясы мамандығы бойынша Алматы қаласында өткен мамандық бойынша республикалық пәндер олимпиадасына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік универистетінің «Құрылыс және көлік» факультетінің СМ 15-8к1 тобынан Рысдәулет Бақдәулетжан, (құрылыс материалдары пәнінен),СМ 15-8к2 Тұрдалиев Қайрат, Қырғызбаева Нұрсұлу (бетон технологиясы пәнінен), CМ 15-8р тобынан Пак Виктор (құрылыс материалдары пәнінен) қатысты.

Пәндер олимпиадасы қорытындысы бойынша СМ 15-8к1 тобынан Рысдәулет Бақдәулетжан құрылыс материалдары пәнінен 3 орын алды, ал CМ 15-8к2 тобының студенті Қырғызбаева Нұрсұлу бетон технологиясы пәнінен 2 орын алды.

Алматы қаласында «Сәулет» бағыты бойынша республикалық пәндік олимпиада Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясында 2018 жылдың 12-13 сәуір айында өтті. «Сәулет» мамандығында оқитын 3 курс студенттер арасынан Жұмабеков Ә., СМ 15-5к3 ІІІ-орын иеленді және де Шадман Ш. СМ 15-5к2, Сулеймен Е. СМ 15-5к1 студенттері сертификат алды. 4-курс студенттері арасынан Байшора А., СМ 14-5к3 ІІ-орын иеленді және де Абдешев С., СМ 14-5к1, Атай Е. СМ 14-5к2 студенттері сертификат алды. Олимпиадаға Астана, Қарағанды, Тараз, Өскемен және т.б. қалаларындағы жоғарғы оқу орындарынан 100-ден аса студенттер қатысты. Олимпиаданың ұйымдастыру деңгейі жоғары, барлық қатысқан студенттер өз білімдерін көрсете білді.     

    Олимпияданың өткізілуі, жүргізілуі барысындағы жұмыстар туралы фото есеп төменде келтірілді.

Фото    есеп

 

«Сәулет» бағыты бойынша республикалық пәндік олимпиада

Республикалық пәндік олимпиада. КазАТК, Алматы қаласы.

10-11. 04.       2018 жыл

 

Алматы қаласында өткен Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына

 қатысқан  М.Әуезов  атындағы ОҚМУ студенттері мен олардың

ғылыми жетекшілері

 

                                                Республикалық олимпиада ашылу барысындағы көрініс                              СМ-15-8к1 тобының студенті Рысдәулет Б. диплом алу кезі

 

                                  Салтанатты түрде дипломмен марапаттау кезі.                                                   Олимпиада  ҚазБСҚА өтті

 

 

                                                     ІІІ дәрежелі диплом құрылыс материалдары пәнінен және ІІ дәрежелі диплом бетон технологиясы пәнінен алынды