КИШИНЕВ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ЕУРАЗИЯ СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ДИЗАЙНЕРЛЕР МЕКТЕПТЕРІНІҢ VІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ

 ҚазБСҚА (Алматы, Қазақстан), ТЮРКСОЙ (Анкара, Түркия), Түркі әлемінің сәулетшілер Одағы (Анкара, Түркия) және Молдова техникалық университетінің (Кишинев, Молдова) ұйымдастыруымен 2018 жылы қараша айының 16-17 жұлдызында Кишинев қаласында (Молдова) Еуразия сәулет-құрылыс және дизайнерлер мектебінің VІІІ халықаралық фестивалі өтті.

Фестиваль Молдова техникалық университетінің бас ғимаратында өтті. Орасан зор оқиғаның ашылуы баяндамашылардың әр түрлі тілдерде баяндама жасауына және университеттердің презентацияларына қажетті құрылғылармен жабдықталған үлкен мәслихат - залда жүргізілді.

Фестивальда халықаралық қазылар алқасы назарына 4500-ден астам дипломдық жобалар ұсынған Қазақстан, Грузия, Түркия, ҚХР, Венгрия, Молдова, Болгария, Литва, Эстония, Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Татарстан Республикасы, Өзбекстанның және т.б. 84 жоғары оқу орындарынан 130 астам өкілдері қатысты.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен «Сәулет» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Иманалиев Қ.Е. қатысты.

Дипломдық жобалардың халықаралық конкурсы келесі номинациялар бойынша өтті: сәулет, дизайн, құрылыс, құрылыс материалдарының, бұйымдардың және конструкциялардың өндірісі. Фестивальға қатысушы барлық елдердің өкілдерінен тұратын халықаралық әділ қазылар алқасының мұқият жұмысы нәтижесінде жеңімпаздар анықталды.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» мен «Сәулет» кафедралары ұсынған дипломдық жобалар жүлделі орындарға ие болды.

«Құрылыс» бағытының екі дипломдық жоба сәйкесінше І және ІІІ  орындарға, ал «Сәулет» бағытының ұсынылған магистрлік жоба ІІІ жүлделі орынға ие болды.. Осы үздік жобалардың барлығы І және ІІІ дәрежелі халықаралық дипломдармен марапатталды.  Ал дипломдық жобалардың жетекшілеріне  (Үсенқұлов Ж.А., Ерімбетов Б.Т., Юсупов А.Н., Иманалиев Қ.Е. және Досалиев Қ.С.) сертификаттар берілді.

Халықаралық фестивальдің ұйымдастырушылары мен әділ қазы мүшелері М. Әуезов атындағы ОҚМУ тарапынан ұсынылған дипломдық жобалардың орындалуы мен өзектілігінің жоғары деңгейін атап өтіп, университет ректоры Д.П.Қожамжароваға және проректоры Қ.С.Байболовқа алғыс хаттарын табыс етті.