Көлік тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру

        
    
        
Кафедра меңгерушісі

Үсіпбаев Үсен Асылбекұлы

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

        
    
    
Мекен-жайы:  160012. ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5.
Телефон:  8(7252) 30-02-53, каб. 333 
е-mail:  87758501799@mail.ru
    
►Профессор-оқытушылар құрамы
    
Жалпымәлімет
        «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасы  маман  шығарушы кафедра болып табылады, оны мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарының жоғарғы автомобиль-жол білім беруінің құрылуы мен дамуы байланысты.
        Қазіргі таңда кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент ҮсіпбаевҮсен Асылбекұлы басқарып отыр.
        2004  жылы  университет  құрамында кафедра бірыңғай еуропалық білім беру кеңістігін құрудың Болон процесіне қосылды және 5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары, 5В090100 – көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру мамандықтары бойынша бакалаврларды көп деңгейлі дайындауға көшті және 6M071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандық бойынша магистранттарды дайындауда.
        Кафедраның түлектері кең профильді және көліктің барлық салаларында талап етілген мамандар болып табылады. Олардың  көбісі инженерлік қызметтің әр түрлі салаларында: өндірісте, басқармада, қызмет көрсету және қызметтер саласында, ІІД  құрылымдарында, мемлекеттік қызметтерде мансаптық өсуге қол жеткізді. «Көлік, тасымалдауды  және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының ғылыми дәрежесінің деңгейі  62% құрайды.
        Кафедраның әдістемелік семинарларының  жұмысы ақпараттық-инновациялық  технологияларды енгізу жолымен оқу және оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған. Кафедра университет сайтында өзінің жеке беті бар, студенттер Internet желісіне лимитсіз кіре алады.

Қазақстан - 2016 білім беру бағдарламаларының қорытынды рейтингі
        Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) және Аккредиттеу рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) кезекті ең үздік ЖОО-ларды Қазақстан - 2016 білім беру бағдарламаларының кезекті қорытындысын жариялады.
        БСҚА қорытынды рейтинг бойынша екі мамандық: «5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «5В090100 – көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» жүлделі 2 орынды иеленді.

5В071300 – «Көлік,  көлік техникасы және технологиялары»

ЖОО аталуы 

Барлығы

1

М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялара кадемиясы

800,00

2

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

680,93

3

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы

509,01

 

 

 

 

 

 

 

 

 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы  мен тасымалдау ұйымдастыру»

ЖОО аталуы

Барлығы

1

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

1366

2

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ  автомобиль-жол академиясы

1340

3

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

1291

АРТА қорытынды рейтинг бойынша: «5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы
1 орынды алды, ал «6М071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы жүлделі 3 орынды иеленді.

5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»

ЖОО аталуы

Барлығы

1

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

1366

2

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы

1340

3

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

1291

6М071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»​

ЖОО аталуы

Барлығы

1

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

377

2

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

250

3

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

170

Ғылым және студенттер

        Кафедраның оқу-тәрбие жұмысы азаматтық-ұлт жандылық, құқықтық, отбасылық, эстетикалық және экологиялық тәрбие сияқты тәрбиенің негізгі бағыттарына негізделеді.
        Кафедраның студенттері республикалық студенттік ғылыми конкурстарда және пәндік олимпиадаларда құрметті жүлделі орындарды бір неше рет алды. Онымен қатар қазақ тілін оқуда жетістіктері үшін дипломдар мен марапатталған, студенттік ғылыми қоғамның Республикалық форумында ғылыми жұмысқа мақтау қағазы мен сертификаттар алған. 

Кафедраның ғылыми қызметі төмендегілерге бағытталған:
    
- пайдалануда машиналардың сенімділігін басқару әдістерін зерттеу мен жетілдіру;
- көлік техникасының экологиялық қауіпсіздігін арттыру жолдары және мәселелері;
- автокөлік отын-майлағыш  материалдарының пайдалану-техникалық қасиеттерінің артуы;
- автокөліктерді компьютерлік диагностикалау бойынша бірінші оқу зертханасы құрылған;
- жүк-жолаушыларды  тасымалдаулардың тиімділіктері мен қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша зерттеулер;
- темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару бойынша мамандырылған кабинет құрылған.

Кафедраның жетістіктері

СМ-14-1р тобының 5В071300-«Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша студенті Шоэргашов Ш. Ш. Академиялық ұтқырлық бойынша оқуда 2017жылдың   1қыркүйегі мен 4 ақпан аралығында Литвадағы Вильнюс қаласындағы Гедиминаса атындағы технологиялық университетінде болды.

Болон  процесінің  Орталығы мен және ҚР БҒМ академиялық ұтқырлығымен жүргізілген қазақстандық ЖОО бакалавриат бағдарламаларын рейтингттік бағалауда кафедра бакалавриатының екі мамандығы да жүлделі орын алды:  5В071300 –Көлік, көлік техникасы және технологиялары– 3 орын; 5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру – 2 орын.

Талапкерге
Мамандығы: 5В071300-«Көлік, көлік техникасы және технологиялары»
Мамандану:
Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы
           Автосервис және фирмалық қызмет көрсету
Біліктілігі: «Көлік бакалавры»
Бітірушілердің іс-әрекетінің аумағы: автотранспорты қөнер кәсіпорындары, авто жөндеу заводтары: көлік техникасын пайдалануды, технологиялық конструкторлық қызметтерді  жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындар; машина жөндеу заводтары және машина құрастыру кәсіпорындары; көлікті басқару және материалдық техникалық қамтамасыз ету қызметтері; кедендік қызмет және көліктік инспекция ұйымдары.
5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»
Мамандану:
Жол қозғалысын ұйымдастыру
           Магистралды темір жол көлігінде тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру
           Автокөлік транспортында тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру
Біліктілігі: «Көлік бакалавры»
Бітірушілердің іс-әрекетінің аумағы: жол қозғалысын ұйымдастыру басқару, магистралды темір жол көлігінде тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, автокөлік транспортында тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру,  көлікті басқарудағы аймақтық органдар және мемлекеттік көліктік инспекциялар, көліктік-экспедициялық өнер кәсіпорындар мен ұйымдар; жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сараптамалық мекемелер; кедендік қызмет және көліктік инспекция ұйымдары.
Оқумерзімі: күндізгі оқыту нысаны-4жыл
        Кешкі оқыту нысаны-5жыл
        Сырттай оқыту нысаны колледж ден кейін-3жыл
        Сырттай екінші жоғарғы білім-2жыл
Кафедра студенттері әскери кафедрада оқу мүмкіншілігіне ие.