Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялар технологиясы

    
    
Кафедра меңгерушісі
    
Копжасаров Бахадыр Тастанбекұлы
    
Техника ғылымының кандидаты, доцент

    
    
    
Мекен-жайы: 160012. ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5.
Телефоны: 8(7252) 21-23-18,  e-mai: tsmik@mail.ru
    
►Профессор-оқытушылар құрамы
    
Жалпы мәлімет
        «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялар технологиясы» кафедрасы 1947 жылы КазХТИ (қазіргі ОҚМУ М.Әуезов атындағы) ұйымдастырылған. Мамандықты қалыптастыруда оқытушылардың еңбегі болды. Олардың кәсіби біліктілігі мен тапқырлығы, ғылыми жұмыстарындағы жетістіктері мамандықтың негізін қалады. Осы мамандықтың кафедра меңгерушілерінің алғашқысы Хамутова А.А., кейінгілері Комарова Н.Н., Зинкина А.М., Шарафиева З.Ш., Глуховерова А.Л., Мамонтов Ю.А., Ахметова А.Р., Исмаилова А.А. жасаған жұмыстары кафедрада сақталып, әлі де қолданыста жүр. Бұрынғы меңгерушілер қазіргі жұмыс істеп жатқан және ғылыми еңбектері, мамандарды дайындауда үлкен үлес қосқандар техника ғылымдарының докторы, профессорлары Ахметов А.Р., Исмаилов А.А. атап айту керек.
        Нарықтық экономикадағы күрделі жағдайларға қарамастан, кафедра өзінің педагогикалық құрамын сақтап және материалды-техникалық базасын, келешек мамандарды жоғары профессиональдық дәрежеде дайындауды қамтамасыз етті. Кафедрада 15 мұғалім бар, соның ішіндегі 12-нің Москва Санк-Петербург, Ростов-на Дону, Алматы қалаларындағы жоғарғы оқу орындарында берілген ғылыми атағы мен дәрежелері бар.

  

  

        Кафедра ғылымдары - Н.А.Сузев, Ю.А.Мамонтов бетон және темірбетон жайла халықтық комитеттің мүшелері. Н.А.Сузев, А.Б.Байбулеков басқа жоғары оқу орындарын  тексеру жөніндегі СССР-дегі МинЖОО комиссиясының құрамына кірді. А.А.Исмаилов Республикалық ғылыми әдістемелік советінің құрамында. А.Р.Ахметов докторлық және  кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі комитетте мүше. З.Ш.Шарафиева, Н.Н.Комарова халықаралық ғылыми конференциясына қатысқан.
    
Ғылыми жұмыстар
        Кафедраның ғылыми жұмыстары келесі бағытта жүргізіледі:
        1) Жаңа кесу технологиясы бойынша ұялыбетоннан дайындалған тиімді бұйымдар мен конструкцияларының қасиеттері мен технологияларын жетілдіру.
        2) Оңтүстік Қазақстан облысының шикізат материалдарын жол бағыттары үшін қолдану.
        3) Қазақстандағы әрлеу және қабырғалық құрылыс материалдарының жаңа өндірісіндегі жергілікті шикізаттарды және техногенді қалдықтарды зерттеу.
        4) Климатикалық жағдайларды есептеу барысында жергілікті шикізат негізіндегі материалдар мен эксплуатациялық ерекшеліктерін бетон технологиясы мен темірбетон технологиясы арқылы  жетілдіру.
        Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысына студенттер белсенді түрде қатысады, олар студенттік үйірмелерге кандидат ғылымдары мен доктор ғылымдарының басқаруымен ғылыми зерттеу жұмыстарын жасайды.
    
Жетістіктер

     Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша МП16-3р2 тобының магистранттары Жұмат Ляззат Темірланқызы, Әбілдә Шнар Қанатқызы, Лесова Ұлдана Ерікқызы Хемниц техникалық университетінде (Германия)  «Chemical engineering» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда.

        Жеткен жетістік деңгейі кафедраның ғылыми-педагогикалық потенциялы магистратура мен докторантураны ашщуға мүмкіндік туғызды. Магистратура 6М073000  мен Докторанутар Phd 6Д073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» бойынша жоғары білікті мамандарды дайындайды.
        Кафедраның ғылыми жұмыстары қазіргі заманғы құралмалы темірбетон мен құрылыс материалдарының технологиясына жерілікті шикізаттарды әртүрлі өндіріс қалдықтарының өнімдерін пайдаланып бірқатар мәселелерді шешіп отыр.
        Кафедрада толық көлемде барлық әдістемелік әдебиеттер құрастырылған, оқу және ғылыми-зерттеулер үшін материалдық –техникалық база құрастырылған.
    
Талапкерге
        Аталған мамандықтар өте тапшы, өзін-өзі тез арада ақтайды және болашағы бар. Кафедрамен келісім шартқа отырған талапкерлер үшін дайындық курстары ұйымдастырылады.
        Кафедрада мамандықтарды дайындау оқытудың барлық түрлері бойынша, бюджеттік (тестен ең көп балл жинаған талапкерлерге грант алуға мүмкіндік туады) және ақылы негізде білім технологиясының тұрақты жетілдірілген күйінде өткізіледі. Оқумен қатар студенттер офицерлік атақты алуы мүмкін.
        Мамандық сертификатталған.
        5В073000 - «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру»  мамандығы туралы.
        Оқу бітірушілер жобалау, құру, қайта жабдықтау бағыттарында сондай-ақ құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіретін мекемелерді пайдалану сияқты салаларда кәсіби білімі мен мүмкіндігін толығынан көрсете алатын жағдайда жұмыс істеуге дайын болуы керек.
Квалификация: Техника мен технология бакалавры.
Оқу бітірушілердің жұмыс істейтін орындары:  
құрылыс материалдарын, бұйымдары мен  конструкцияларын өндіретін орындар мен  құрылыстық және оны пайдалану мекемелерінде инженер-технолог, жұмыс жүргізуші;
жобалау мекемелері мен оның бөлімшелерінде  инженер;
ғылыми-зерттеу мекемелері мен олардың жүйелік  бөлімдерінде ғылыми қызметкер;
муниципалды инфрақұрылымдық объектілердің  жетекшісі;
кәсіби мамандар дайындайтын оқу орындарында  оқытушы;
үкіметтің әкімшілік органдарында – құрылыс  материалдары мен бұйымдарын өндіретін  мекемелердің дайын бұйымдарын лицензиялау мен  сертификациялау мәселерін шешу.
        Оқу мерзімі:
күндізгі бөлім - 4 жыл;
сыртқы бөлім – 5 жыл;
сыртқы қысқартылған бөлім–3 жыл;
сыртқы жеделдетілген бөлім – 2 жыл;
магистратура – 2 жыл;
докторантура – 3 жыл.
        Оқу кезінде студенттер әскери дайындықтан өтіп офицерлік дәреже алу мүмкіндігі бар.
Квалификация:
        «Құрылыс  материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» бакалавры дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Оқу жалғастыру мүмкіндігі:
        Бітірушілер, жоғарғы білім алу программасын өте жақсы меңгергендер келесі оқуға дайын:
а) магистратура  6М073000 – «Құрылыс  материалдарын, бұйымдары  мен конструкцияларын өндіру»
б) докторантура  6D073000 - «Құрылыс  материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру»  
    
Студенттердің іс-тәжірибесі

    

        Студенттердің іс-тәжірибесі алдын-ала жасалған келісім негізінде келесі мемлекеттік мекемелерде жүргізіледі
«БекРА» ЖШС, Шымкент қаласы
«ТурАхмет и К» ЖШС, Шымкент қаласы
«Шымкентжилстрой» ӨҚБ ЖАҚ, Шымкент қаласы
«Стройдеталь» ЖШС, Ақтөбе қаласы
«Завод ЖБИ-25» ЖШС, Ақтөбе қаласы