Өндірістік, азаматтық және жол құрылысы

    
    
Кафедра меңгерушісі
    
Үсенқұлов Жеңісбек Амантайұлы
    
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
    
    
    
    
    
Мекен-жайы:
 160012. ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5.
Телефоны: 8(7252) 21-23-18, E-mail: alem505@mail.ru
    
►Профессор-оқытушылар құрамы
    
Жалпы мағлұматтар
        «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы осы аталуымен 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кафедра 5В072900 – «Құрылыс» (бакалавр) мамандығы бойынша мамандар дайындайды.Кафедра құрылыс, транспорт пен сәулет бакалаврларын дайындау барысында базалық және арнайы пәндерді оқытып, курстық және дипломдық жобаларға жетекшілік жасайды.

 

       

             ]

 

Атап айтсақ:

  • 5В070901-«Көлікті эксплуатациялау және қозғалысы тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы
  • 5В070420-«Архитектура» мамандығы
  • 5В070805- «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы
  • 5В070703- «Жер құрылымы» мамандығы
  • 5В070730- «Құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру».

2004-2005 оқу жылынан бастап 5В072900-Құрылыс (бакалавр) мамандық бойынша студенттерді дайындайды.

 Бакалаврларды дайындау: 5В072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша соның ішінде:

  • «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы»;
  • «Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау»;
  • «Жолдар және аэродромдар құрылысы»;
  • «Газмұнай құбырлары және газмұнай сақтағыштардың құрылысы»;
  • «Жылумен, газбен қамтамасыз ету және желдету»; 
  • «Сумен қамтамасыз ету және канализация» мамандандырулары бойынша жүргізіледі.

Магистранттарды дайындау: 6М072900 – «Құрылыс» бағыты бойынша жүргізіледі.

Табыстары мен жетістіктері

        2009 жылдың соңында Алматы қаласында сәулет, инженерлік құрылыс және дизайнерлік мамандықтарды   бітірушілердің  дипломдық жобаларының республикалық конкурсы өтті. Осы конкурста Қазақстанның 26 ЖОО қатысты. Бұл конкурста біздің  кафедра «Құрылыс» мамандығы бойынша 4 дипломдық жоба ұсынды. Конкурс біз үшін жемісті болды. І дәрежелі дипломмен (1 орын) ТН 04-16р тобының шәкірті Енжанов Н. (жетекшісі доцент Үсенқұлов Ж.А.) марапатталды. Диплом жобаның тақырыбы: «Астана қаласының №1 бөліміндегі кіші айналма жолдың құрылысы».
        ІІ дәрежелі дипломмен ЗМС 04-9р тобының шәкірті Макакенко В.Д. (жетекшісі доцент Үсенқұлов Ж.А.) марапатталды. Диплом жобаның тақырыбы: «ОҚО Отырар ауданындағы Аль-Фараби тарихи – мәдени кешенінің музейі».
        ІІІ дәрежелі дипломмен ЗТН 07-9ку тобының шәкірті Билисбеков Е. (жетекшісі т.ғ.к. Алдияров Ж.А.) марапатталды. Диплом жобаның тақырыбы: ««Көпіршектіполистрол алынбайтын қалыппен дайындалған тұтастемірбетон қабырғалы 3 қабатты емдеу орталығы. Шымкент қаласы».
        ТН 05-6р1 тобының шәкірті С.Ю. Мальцевтің дипломдық жұмысы ерекше деп есептелініп марапатталды  (жетекшісі доцент Оразбаев Ж.). Дипломдық жобаның тақырыбы «Шымкент қаласындағы 400 орынға арналған мейрамхана залы».
        Ал қараша айында Стамбул қаласында Евразия сәулет құрылыс жоғарғы оқу орнын    бітірішілердің дипломдық жобалары бойынша халықаралық фестивальі өтті.
        ЗМС 04-9р тобының шәкірті В.Д. Макакенконың жұмысы ІІІ-орын алды  – жетекшісі доцент Үсенқұлов Ж.А.
        ЗМС 07-9ку тобының шәкірті Е. Билисбеков жұмысы ІІІ-орын алды  – жетекшісі доцент Алдияров Ж.А.
        Кафедра мемлекетаралық алмасуларда белсенділік таныта бастады. Кафедра  меңгерушісі Усенкулов Ж.А. 2012 жылдың желтоқсан айында Темпус жобасы бойынша Швецияның Лунд қаласында өткен координаторлар жиынында болды. Магистрант Усенкулова Ш.Ж. (жетекші: т.ғ.к. доцент Чалабаев Б.М.) 2013 жылдың сәуір айында Кореяда ғылыми тағылымдамадан өтті, магистранттар Атамбаев И.Сычев Д., Торский Д. және студент Ефремов К. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2012 жылдың күзгі семестрінде Чехияда Брно қаласында білім алды. Қазіргі таңда кафедраға тәжірибе алмасуға Турциядан студенттер келуде.
        Ресейдің рейтингтік шығарылымдарында баспа сапасы көптеп шығарыла бастады. (Бровко И.С., Ибрагимов К.И., Чалабаев Б.М.).
        2014 жылдың наурыз айында магистранттар Малайзия мемлекетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Пура-Малайзия университетинде болған  ғылыми тағылымдама нәтижесінде магистранттар сертификаттармен марапатталды.
        2014 жылы «ӨА ж ЖҚ» кафедра меңгерушісі т.ғ.к., профессоры Үсенқұлов Ж.А            «2014 жылдың жоғары оқу орнының  үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылды.
        2015 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2015 жылы  Республикалық пәндік олимпиядасында 3-ші орын алғаны үшін  Есеналы Мөлдір Сабырқызы марапатталды.
        2015 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2015 жылы  Республикалық пәндік олимпиядасында 3-ші орын алғаны үшін  Медведова  Александра Николаевна  марапатталды.
        2015 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2015 жылы  Республикалық пәндік олимпиядасында 3-ші орын алғаны үшін  Айзунов Шыңғыс Абдувәлиұлы марапатталды.
        2015 жылы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2015 жылы  Республикалық пәндік олимпиядасында 3-ші орын алғаны үшін  Иргешова Тахмина марапатталды.
        2015 жылы Үсенқұлов Ж.А Қазан мемлекеттік сәулет құрылыс университетінде 13-20 қыркүйек аралығында ғылыми-зерттеу біліктіліктен өтті. Біліктілік өту кезеңінде ол жоғарыда аталған студенттермен магистранттарына лекция оқыды. Университеттің ғылыми зерттеу проректоры  Сүлейменов А.М алхыс хаты мен марапатталды.
        2015 жылы Қазан қаласындағы 13-20 қыркүйек аралығында өткен TEMPUS MAPREE халықаралық жобаның  ассамблеяның отырысына кафедра меңгерушісі  Үсенқұлов Ж.А., оқытушы Үсенқұлов Ш., магистрант Машихина Елена қатысты. Олар TEMPUS бағдарламасының сертификаттарымен марапатталды.
-Қазақстанда БҰҰ-ның даму бағдарламасы
-Қазақстандағы «Ерасмус+» ұлттық офисі
-Қазақстандағы құрылысшылар ассоциациясы
-Тұрғын үй институты
-Халықаралық білім беру корпарациясы (КазГАСА)
-Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
-«Энергетика және байланыс» Алматы университеті, қолдауы арқылы 2015 жылы Алматы қаласында 8-9 қазан айында «Заманауи құрылыстардағы энерго тиімділік» атты халықаралық форум өтті.

Форумның мақсатымен тапсырмалары:
        1. Жетістікті талқылау, даму перспективасы және энерго үнемдеу аймағында проблема, құрылыста энерго тиімділікті дамыту
        2. Әр елдің ғалымдары, инженерлері және жоба ұйымдастырушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
        3. Қазақстан мен ТМД мемлекеттеріндегі құрылыс нормалары
        4. Энерго тиімді құрылыстардың Қазақстандағы даму перспективалары

Қатысушылар:
        Орталық және жергілікті жерді басқару қызметкерлері мен мамандары, оқытушылар, аспиранттар, магистранттар, жоғары оқу орындарының студенттері, ғалымдармен акедемиялық мамандар, жобалық, ғылыми зерттеу институттары, құрылыс басқармаларының басқарушы және жетекші мамандары, КТШ, өндіруші компаниялар және құрылыс саласындағы тасымалдаушылар, халықаралық және жергілікті эксперттер, қоғамдық мекемелер.
        Сол форумға ОҚМУ-дың атынан «ӨА және ЖҚ» кафедрасы қатысты. Кафедра меңгерушісі Үсенқұлов Ж.А  «Магистранттарды оқытудағы жаңа білім беру жолдары» атты баяндама жасады. Осы форум атынан халықаралық студенттер мен магистранттардың «Ғимараттардағы энерго тиімділікті азайту шығынымен оның микроклиматын жақсартудың иновациялық концепциясы» атты конкурс өтті. Сол конкурс қорытындысы бойынша Машихина Елена 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.  

 

 

 

 

Ғылыми жұмыс
        Ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) негізгі көрсеткіштерінің бірі ғылыми мақалалардың баспадан жарық көруі. Соңғы жылы мемлекеттік ҒЗЖ қорытындысы бойынша кафедра қызметкерлері 30-дан астам ғылыми мақалалар жариялады. Оның ішінде 10-ы республикалық журналдарда, 4-і шетел баспаларында, 9-ы халықаралық конференциялардың ғылыми еңбектерінің жинақтарында басылды.
        Кафедраның ғылыми жұмыстарына студенттер де кеңінен қатынасады. Олар түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, жоғарғы оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға ғылыми баяндамалар жасап,  нәтижелерін талқылайды.

Халықаралық қызмет
        Кафедра Ресей Федерациясының (Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті ЖШС В.И. Кучеренко атындағы құрылыс конструкцияларының орталық ғылыми-зерттеу институты, темірбетон ғылыми-зерттеу институты, М.С. Герсеванов атындағы жерасты негіздерін ғылыми-зерттеу институты, тұрғын-коммуналдық шаруашылық академиясы Москва қ., Санкт-питербургтік мемлекеттік архитектура-құрылыс университеті және басқалар), және Өзбек Республикасының (Ташкент архитектура құрылыс институты) жоғарғы оқу орындарымен және академиялық институттарымен ғылыми-педагогтік тығыз байланыста.