Шымкенте ОҚМУ студенттерінің қатысуымен «International Education Fair - 2018» халықаралық білім көрмесі болып өтті.

Шымкенте ОҚМУ студенттерінің қатысуымен
«International Education Fair - 2018»
халықаралық білім көрмесі болып өтті.
 
Көрмеге «Құрылыс және көлік» факультетінің  СМ-15-9ка,  СМ-15-9к топтарының студенттері белсене ат салысып, еріктілер қатарында жұмыс жасады.
Іс-шараның мақсаты – білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру, шетелде стипендиялық бағдарламалар арқылы білім алу мүмкіндіктері жайлы хабардар ету.
Көрмеге АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа мен Азия және ТМД елдерінің 83 жоғары оқу орнының өкілдері, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктерінің қызметкерлері қатысты. Іс-шарада шет тілдерде еркін сөйлейтін, қабілетті жастар шетелге шақырту алды. Екі күндік көрменің алғашқы күнінде 4 мыңнан астам жас қатысты. «Халықаралық білім беру   - 2018»  көрмесі аясында қазақстандық және шетелдік мамандар «Болашақ»  бағдарламасын пайдалану ауқымын кеңейту жайын талқылады.