Сәулет

   
    
    
Кафедра меңгерушісі
    
Иманалиев Қуаныш Ералыұлы
    
Техника ғылымдарының кандидаты   
    
    
    

Иманалиев Қуаныш Ералыұлы 1969 жылы 21 шілдеде ОҚО, бұрынғы Қызылқұм ауданы, қазіргі Отырар ауданы, Ақтөбе бөлімшесінде дүниеге келген.

ОҚО, Бөген ауданының «Октябрь» орта мектебін 1986 жылы күміс медальмен үздік бітірді.

 Иманалиев Қуаныш Ералыұлы 1992 жылы ҚазХТИ-ын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша үздік бітіріп, еңбек жолын институттың «Құрылыс технологиясы және ұйымдастыру» кафедрасында бастаған, 1993 жылдан оқытушы, кейіннен аға оқытушы болып жұмыс атқарған.

1993-1997 жылдары ҚазХТИ-дың аспирантура бөлімінде сырттай оқыды. 2007 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін жемісті қорғады, тақырыбы: «Күріш қауызды шлаксілтілі арболит өндірісінің технологиясы және сапалық сипаттамалары».

2009-2011 жылдар аралығында университет құрамындағы «Сәулет және құрылыс» ҒЗИ-да аға ғылыми қызметкер болып, ал 2011-2013 жылдары «Құрылыс және көлік» факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды.

Иманалиев Қ.Е. университеттің қоғамдық жұмыстарына да белсене араласты. 1995-2003 жылдар аралығында «Құрылыс, машина жасау және көлік»  факультеті кәсіподақ бюросының төрағасы, ал 2003-2007 жылдары университеттің кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары жұмыстарын атқарды. Кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғай отырып, бірнеше рет республика мен облыс деңгейлерінде өткен кәсіподақ жиналыстарына делегат болып сайланды.

Облыс деңгейінде студенттік құрылыс жасақтары штабының жетекшісі жұмысын атқарған Қ.Е.Иманалиевтің басшылығымен құрылыс жасақтары жыл сайын республика бойынша жоғарғы оқу орындары арасында жүлделі 1  және 2 орындарға ие болып отырды.

2014 жылдың маусым айынан Иманалиев Қ.Е. «Құрылыс және көлік» факультетінің «Сәулет» кафедрасы меңгерушісі қызметінде жұмыс жасауда.

Ғылыми-педагогикалық жұмыстары бойынша 51 ғылыми еңбектері мен 16 оқу-әдістемелік нұсқаулары жарияланды, 5 ҚР патентінің иегері. Ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктері үшін ҚР БжҒМ ЖОО Ректорлар Кеңесінің, кәсіподақ комитетінің және университеттің мақтау қағаздарымен, халықаралық фестиваль дипломымен марапатталған.

Мекен - жайы:  160012. ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5; М.Ауезов атындағы ОҚМУ, корпус «В», 4-ші қабат, «Құрылыс және көлік» факультеті, «Сәулет» кафедрасы. 
Телефоны:   8(7252) 30-02-53, 
E-mai:arhdizain@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер

М. Әуезов атындағы ОҚМУ ірі, көпсалалы  жоғарғы оқу орны, «Сәулет» кафедрасы оның құрылымдық бөлімі болып табылады, мұнда ИСВУЗ оқу үдерісін басқаратын ақпараттық жүйесі жұмыс жасайды, сапа менеджмент жүйесі ISO 9001:2000 және IQNet халықаралық стандарттар талаптарына сай жаппай сапа менеджменті енгізілген.

«Сәулет» кафедрасы «Құрылыс және көлік» факультетінің құрамында Болон Декларациясына сәйкес білім беру саласында мемлекеттік саясатты белсенді іске асырып жатыр.

5В042000 - Сәулет мамандығының бакалавриат жүйесі бойынша кадрлар дайындау 2004-2005 оқу жылынан басталды, осы жылдан бастап кафедра оқытудың екісатылы жүйесіне кірісті: бакалавриат-магистратура.

Қазіргі уақытта кафедра мамандарды оқытудың кредиттік технологиясы бойынша даярлайды, мұнда білім алушылардың қызығушылықтарын толық ескереді, олардың білімдік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, оқытушылар арасында бәсеке жасайды, студенттің оқытылатын пәнді және оқытушыны таңдау құқығы бар, білім алушы өз бетімен білім алуға қызығушылығын дамытады, толық жетілдіреді және бақылау түрлеріне әртүрлі инновациялық әдістерді қолданады. Сонымен қатар кафедра фундаменталды, ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді, ұжымдар мен кәсіпорындарға ақпараттық кеңестер береді және инновациялық технологияларын оқу үрдісіне енгізеді.

Кафедраның миссиясы: жоғары жеке-кәсіптік компетенцияларға ие, нарықтық талаптарына сәйкес, бәсекеге қабілетті біліктілігі жоғары кадрларды дайындау мен инновациялық ғылыми-білім беру ортасын дамыту жолымен аймақта құрылыс саласында адам капиталының сапалы өсуін қамтамасыз ету.

Болашаққа көзқарасы: құрылысты жобалауда және өндірісті ұйымдастыруда жаңа материалдарды, технологияларды, инновациялық әдістерді қолдануды білетін, бәсекелесу қабілеті, көп тілді, құрылыс саласындағы еңбек нарығындағы заманауи талаптарға сәйкес мамандар дайындау.

Жұмыс бағыты

Арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс бағдарларына типтік бағдарламалар негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
-Студенттермен тәрбие жұмысы, академиялық топтарда кураторлармен жүзеге асырылады;
-Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына, оқу танысу, өндірістік және диплом алды іс тәжірибелеріне жетекшілік ету.
-Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру.
-Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.
-Студенттердің тәрбие жұмысы, академиялық оқу топтарында тәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы кафедраның білім беру қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып келеді және оқу жұмысы барысында және де оқудан тыс уақытта үздіксіз жүзеге асырылады.

Факультетте тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу «Жоғары және жоо-нан кейінгі кәсіби білім беру туралы»Заңның талаптарының негіне, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдеріне, жоо-ң жергілікті  нормативті-әдістемелік актілеріне сәйкес жасалады.

Тәрбие қызметін тікелей ұйымдастыру тәрбие жөніндегі проректормен жүзеге асырылады.

Студенттер университет, факультет және кафедраның қоғамдық жұмысына белсенді қатысуда. Жастарды кәсіби тәрбиелеуде ұлкен рольді болашақ жоғары білікті мамандарды кәсіби бағдар беру жөніндегі шаралар атқарады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми конференциялар әріптестердің тәжірибемен алмасуы, жалпы мәселелер мен олардың шешімдерін жасау үшін жиналған шаралар. Осындай жиналыстар сәулет ғылымына өздерін арнаған жас мамандарға қаншама тиімді екендігін жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып талдауға болады.

Өткізіліп жатқан конференцияларда баяндамалардың мазмұны жас ғалымдар мен студенттердің сәулет бағытындағы білімдері жеткілікті деңгейде екендігін көрсетеді.
Конференцияларға студенттердің көптеген құрамын тарту мақсатында кафедра жас ғалымдарды сәулет ғылымның өзекті мәселелері бойынша толғандыратын ғылыми конференцияларды жылына екі рет ұйымдастырады.

Кафедраның үздік ғылыми-ізденіс жұмыстары республикалық, Алматы қаласы мен  ТМД  елдеріндегі байқауларға қатыстыру жұмысы жалғастырылып инновациялық жұмыстарды өндіріске енгізу мақсатында ОҚО, Технопаркімен бірлесіп  эксперименталды құрылыс үлгісін салу, патенттер, авторлық куәліктерге ұсыну жұмыстары атқарылуда.

ОҚО аймақтық технопаркі

Кәсіби бағдар беру жұмысы

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзі қалайтын тиісті мамандықты саналы түрде таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының дамыту міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.
Кәсіби бағдар беру жұмысы Шымкент қаласы және облыс мектептерінде өткізіледі.  Мектептердің бітіруші түлектерімен кездесу барысында біздің оқытушылар барлық мамандықтар бойынша бөлінген білім беру гранттары туралы, шығармашылық мамандықтар бойынша қабылдау ережелері мен емтихандарды тапсыру туралы түсідірулерді жүргізіп М. Әуезов атындағы ОҚМУ туралы толық ақпаратты береді.
Ақпараттық буклетер, плакаттар  тарқатылады, және де абитуриенттер үшін кеңес беру өткізудің уақыты мен күндері хабарланады.

Бітіруші түлектер ушін

Мамандығы: Сәулет.

Кәсіби қызмет түрлері- 5В042000 «Сәулет» мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: жобалау- конструкторлы; өндірістік- технологиялық; сәулет – құрылыс бағытындағы орташа кәсіби білім беру мекемелерінде және лайықты департаменттерде әкімшілік- басқару немесе «Сәулет» мамандығы бойынша магистратура оқуын ҚР жоғары білім мекемелерінде және шет елдерде жалғастыруына болады.

Студенттердің тәжірибеден өтуі

«Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша іс-тәжірибе базалары қала, облыс және республика деңгейлеріндегі жұмыс атқарып жатқан алдыңғы қатарлы сәулет-құрылыс мекемелерімен жасалынған. Бүгінгі таңда кафедрада 17 өндіріс мекемелерімен келісім шарт жасалынған.

  1. «Таң - 1» ЖШС, Шымкент қаласы.
  2. «АЭС- Бек» ЖШС, Шымкент қаласы.
  3. «Лабороторияпространсва» ЖШС, Шымкент қаласы.
  4. «Отау-строй» ЖШС, Шымкент қаласы.
  5. «ОҚО сәулет-құрылыс басқармасы», Шымкент қаласы.
  6. «Қалалық сәулет-құрылыс басқармасы», Шымкент қаласы.
  7. «Астана LRS-пласт» ЖШС, Астана қаласы.
  8. Самарқан сәулет-құрылыс университеті.
  9. «Кала құрылыс-ББК» ЖШС, Шымкент қаласы.
  10. ОҚО аймақтық технопаркі, Шымкент қаласы.
  11. «Cитти» ЖШС, Шымкент қаласы.
  12. «Модерн-Проект» ЖШС, Шымкент қаласы.
  13. «Сани» ЖШС, Шымкент қаласы.
  14. «Архидея» ҒӨК, Шымкент қаласы.
  15. «Конти-строй» ЖШС, Шымкент қаласы.
  16. «САМИ» ЖШС, Шымкент қаласы.
  17. «ЮКС-инжиниринг и К» ЖШС, Шымкент қаласы.

ЖШС  «САНИ» 

Мамандық бойынша ОҒӨК қызметінің практикалық қажеттілігі мен нәтижелілігі

Еңбек нарығындағы түлектердің қажеттілігі – білім беру сапасының ең басты көрсеткіші. Түлектердің жұмысқа орналасуына көмек ретінде жыл сайын түлектерге бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Бұл жәрмеңкеде қызығушылық танытқан жұмыс берушілер түлектермен кездесіп, пікір алмаса алады.

Шамамен алғанда 95% түлектер оқуды бітіргеннен кейін лезде өз мамандығы бойынша жұмыс табады.

Еңбек нарығында білім беру бағдарламасының түлектеріне деген сұраным деңгейі тұрақты жоғарылап келеді. Бұл дамып келе жатқан заманауи құрылыс қарқынымен және жұмыс берушілердің өтініштерімен дәлелденеді.

Іс-тәжірибе өту базасымен қамтасыздандыратын кәсіпорындар да өз кезегінде жұмыс берушілер болып табылады. Мекемеде іс-тәжірибе өтіп, өз біліктілігімен сол кәсіпорында жұмысқа орналасқан студенттер мен магистранттар саны көп.

Магистратура жұмысы бойынша

6М042000 – «Сәулет» мамандығы бойынша магистранттарды даярлау мазмұны Қазақстан Республикасының нормативтік - заңды актілерінде, Қазақстан Республкасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 2012ж. № 1080және Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің нормативтік – реттеу құжаттарында негізделген.

6М042000 – «Сәулет» мамандығының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасының дамытуы және басқаруы ҚР білімін дамыту жөнінде 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес,  Қазақстан Республкасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 2012ж. № 1080, еуропалық біліктілік базаларымен, дәйекті Дублинский дескрипторларымен орындалған.

Магистранттардың жылдағы өсу жиынтығы еңбек нарықта мамандардың қажетті мұқтаждығын және кәсіби сабақтың шығармашылық, қызықты мінезін қамтамасыз етеді.

Магистратура түлектері зерттеуші, дизайнер-жобалаушы, ғимараттар мен құрылыстарды, қала құрылысын жобалау жөніндегі түрлі кәсіпорынның басшысы, түрлі деңгейдегі сәулеттің мемлекеттік басқарамасы, органның басшысы, білім беру ұйымдарында оқытушы және ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істей алады.

6М042000 – «Сәулет» білім беру бағдарламасының түлегінің кәсіби қызметінің саласы – қала құрылысын жобалауымен, көп функционалды кәсіпорындармен, ландшафты жобалаумен байланысты ғылым және техника саласы.