«Сызу» пәнінен мектеп оқушылары арасындағы қалалық олимпиада

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде әр оқу жылында «сызу» пәнінен мектеп оқушылары арасында қалалық олимпиада өткізу дәстүрге айналған. Олимпиада «Инженерлік графика» кафедрасының ұйымдастыруымен, «сызу» пәні инженер мамандығының базалық элементі ретінде оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізіледі.

2015 жылдың наурыз айының 28 жұлдызында, әдеттегідей, «Инженерлік графика» кафедрасы «Сызу» пәнінен қалалық мектеп оқушылары арасында олимпиада өткізді. Қалалық білім бөлімінің ықпалымен олимпиадаға 50-ден астам мектептен қазақ және орыс сыныптарынан 175 оқушы қатысты. Оқушыларға алдын–ала олимпиадаға ұсынылатын есептердің тақырыптары берілген.

Шығарылған есептердің нәтижелерінен олимпиадаға қатысушы оқушылардың дайындық деңгейі жоғары екенін байқалды. Әсіресе, №65,39,23,28,6,26,90 мектеп оқушыларының жұмыстарының нәтижелері жоғары дәрежеде.

Барлық орындалған жұмыстарды тексеру барысында комиссия мүшелері келесі оқушылардың жұмыстарын ерекше атап өтіп, жоғарғы орындарды тағайындады:

 

 

Қазақ сыныбы

Орыс сыныбы

1

Мурат Д. №65 мектеп 11Ә сынып

Барабаш В. №39 мектеп 11А класс

2

Рахматулла З. №90 мектеп 9А сынып

Абдуллоев Б. №28 мектеп 9А класс

3

Тобышева Н. №65 мектеп 11Ғ сынып

Ким К. №23 мектеп 11А класс

Нақып А. №26 мектеп 9А сынып

Герасименко А. №6 мектеп 9А класс