«Сызу» пәнінен мектеп оқушылары арасындағы қалалық олимпиада

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде әр оқу жылында «сызу» пәнінен мектеп оқушылары арасында қалалық олимпиада өткізу дәстүрге айналған. Олимпиада «Инженерлік графика» кафедрасының ұйымдастыруымен, «сызу» пәні инженер мамандығының базалық элементі ретінде оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізіледі.
2018 жылдың наурыз айының 4 жұлдызында, әдеттегідей, «Сәулет» кафедрасы «Сызу» пәнінен қалалық мектеп оқушылары арасында олимпиада өткізді. Қалалық білім бөлімінің ықпалымен олимпиадаға 50-ден астам мектептен қазақ және орыс сыныптарынан 175 оқушы қатысты. Оқушыларға алдын–ала олимпиадаға ұсынылатын есептердің тақырыптары берілген.