Талапкерге
Құрылыс факултьтетi 1943 жылы құрылыс материалдарын өндiру технологиялық институты құрамында құрылған. Механика факультетi 1958 жылы ұйымдастырылып, осы екi факультеттiң бiрiгуі нәтижесiнде 1999 жылы бiрыңғай механика-құрылыс факультетi ашылды. Университет құрылымының қайта өзгеруіне байланысты, 2006 жылдың тамыз айынан, механика-құрылыс факультеті М. Әуезов атындағы мемлекеттік университет құрамында Техникалық институт болып құрылды. 2009 жылдың тамыз айынан бастап институт «Құрылыс, машина жасау және көлік факультеті» болып қайта құрылды. Факультет 2011 жылдың сәуір айынан Университет Кеңесінің шешімімен «Құрылыс және көлік факультеті» болып аталды. Қазiргi таңда факультеттегі профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны 164 болса, олардың iшiнде 11 ғылым докторлары, профессорлар, 80 ғылым кандидаттары мен доценттер бар. Факультет лабораториялары оқу үрдісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғарғы деңгейде жүргiзу үшiн барлық қажеттi құрал-жабдықтармен, қондырғылармен және аспаптармен жабдықталған, заманауи талаптарға сай жоғары бiлiктi мамандар даярлауға мүмкiндiк бередi.
Факультет түлектері Ресей, Украина, Греция, Балтық жағалауы, Германия, Сирия, Орта Азия және әлемнің көптеген басқа елдерінде жұмыс атқаруда.
Біз өз түлектерімізбен мақтанамыз, олар – А.К.Тшанов, М.Ф.Үркімбаев, Б.А.Жылқышиев, Р.Б.Ергешов, Е.А.Рамазанов, Ш.М.Мырзахметов, Н.С.Сейтжаппаров, С.С.Сейтжанов, Ф.И.Лунин, Г.А.Рудов және басқалар.
Қазіргі кезде факультеттің 6 кафедра бар. Кафедраларда 6 бакалавр мамандықтары бойынша мамандар дайындалады және онда 1308 студент оқиды, оның ішінде оқу гранты бойынша – 652, келісім-шарт негізінде - 655:
5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»;
5В090100 - «Көлікті пайдалану ж/е жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»;
5В073000 - «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өңдіру»;
5В042000 – «Сәулет»;
5В072900 – «Құрылыс»;
5В073100 – «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау».
Факультет барлық мамандықтарының студенттерінің әскери кафедрада оқуына және әскери атақ алуына мүмкіндіктері бар.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесі (мектеп бітірушілер үшін)
№ |
Шифр |
Мамандықтар атауы |
Бейіндік пәндер |
||
1 бейіндік пән |
2 бейіндік пән |
||||
1 |
5В042000 |
Сәулет |
Шығармашылық емтихан |
Шығармашылық емтихан |
|
2 |
5В071300 |
Көлік, көліктік техника және технологиялар |
Математика |
Физика |
|
3 |
5В072900 |
Құрылыс |
Математика |
Физика |
|
4 |
5В073000 |
Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру |
Математика |
Физика |
|
5 |
5В073100 |
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі |
Математика |
Физика |
|
6 |
5В090100 |
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру |
Математика |
География |
|
Кешенді тестілеудің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесі (колледж бітірушілер үшін)
№ |
Код |
Мамандық атауы |
Жалпы бейіндік пәндер |
Бейіндік пәндер |
1 |
5В042000 |
Сәулет |
Шығармашылық емтихан |
Сызу |
2 |
5B071300 |
Көлік, көліктік техника және технологиялар |
Физика |
Еңбекті қорғау |
3 |
5B072900 |
Құрылыс |
Ғимараттар мен үймереттердің құрастырылымдары |
Құрылыс материалдары |
4 |
5B073000 |
Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру |
Құрылыс бұйымдары және құрастырылымдарын өндіру технологиясы |
Құрылыс материалдары |
5 |
5B073100 |
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі |
Электротехника |
Материалтану негіздері |
6 |
5В090100 |
Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру |
Физика |
Еңбекті қорғау |
Кешенді тестілеудің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері бойынша дайындық сабақтарының кестесі (колледж бітірушілер үшін)
№ |
Код |
Мамандық атауы |
Жалпы бейіндік пәндер |
Бейіндік пәндер |
1 |
5В042000 |
Сәулет |
Шығармашылық емтихан |
Сызу |
Дүйсенбі 15-00 Ауд.430В |
Сәрсенбі 15-00 Ауд.430В |
|||
2 |
5B071300 |
Көлік, көліктік техника және технологиялар |
Физика |
Еңбекті қорғау |
Сәрсенбі 16-00 Ауд.331В |
Бейсенбі16-00 Ауд.331В |
|||
3 |
5B072900 |
Құрылыс |
Ғимараттар мен үймереттердің құрастырылымдары |
Құрылыс материалдары |
Дүйсенбі 15-00 Ауд.404В |
Сейсенбі15-00 Ауд.404В |
|||
4 |
5B073000 |
Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру |
Құрылыс бұйымдары және құрастырылымдарын өндіру технологиясы |
Құрылыс материалдары |
Дүйсенбі 15-00 Ауд.104В |
Сейсенбі15-00 Ауд.404В |
|||
5 |
5B073100 |
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі |
Электротехника |
Материалтану негіздері |
Дүйсенбі 15-00 Ауд.309В |
Дүйсенбі 14-00 Ауд.309В |
|||
6 |
5В090100 |
Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру |
Физика |
Еңбекті қорғау |
Сәрсенбі 16-00 Ауд.331В |
Бейсенбі 16-00 Ауд.331В |
Факультет зертханалары
«Тасымалдауды ұйымдастыру» зертханасында
Студенттер көліктің құрылысымен танысуда
«Гоетехника» зертханасында
Студенттер «Тіршілік қауіпсіздігі» зертханасында
Студенттер «Жол қозғалыс ережелерін» үйренуде
«Құрылыс материалдары» зертханасында жұмыс барысында
Германия консулы «Сәулет» мамандығының студенттерінің жобаларымен танысуда
Факультет жатақханасы
Ас бөлмесі
Акт залы
Жатақхана асханасы
Оқу залы
Факультет жатақханасы
Студенттер бөлмесі
Студенттік өмір
Соғыс ардагерлерімен кездесу
Денсаулық күніне арналған флэш-моб
Дендросаябақта
Факультет студенттері
Студенттер Самарқан қаласында іс-тәжірибе өту барысында
Студенттік құрылыс жасағы
Студенттік жарыстарға қатысушылар
Футзалдан факультет командасы
Бокс турнирі
Білім күні