Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

    
    
Кафедра меңгерушісі
    
Наукенова Айгүл Сағындыққызы
    
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент 

       
     
    
    
Мекен-жайы: 160012  ОҚО, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5; М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «В» ғимараты, 312 В каб. «Құрылыс және көлік» факультеті, «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы. 
Телефоны: 8(7252) 21-46-07 
Е-mail: n.a.s.1970@mail.ru
    
►Профессор-оқытушылар құрамы
    
Бөлімше туралы ақпарат
        Тіршілік қауіпсіздігі және экология» кафедрасы 2006 жылы екі кафедраға бөлінді: Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау және Экология Кафедра бүгінгі таңда 5В073100 - «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындайды.
        Кафедрада «Магистратура» 6М073100 2004 жылдан мемлекеттік стандарт бойынша «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығымен магистратура оқытылады. Оқу процесі ұйымдастырылуы үшін пән бойынша оқу және жұмыс, типтік бағдарлама құрастырылып, бекітілген.
        «Доктарантура» 6D073100 2010 жылдан мемлекеттік стандартына сәйкес «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша PhD доктарантура ашуға лицензия алынды.
        Табыстары мен жетістері Кафедра үлкен ғылыми-педагогикалық потенциалға ие: 20 аса жоғары білікті мамандар жұмыс істейді (3 техника ғылымдарының докторы, 3 профессор, 8 доцент, 12 ғылым кандидаттары).
        Кафедра заманауи материалды-техникалық базамен қамтамасыздандырылған: жалпы көлемі 220 м2 үш оқу зертханасы, курстық және дипломдық жобалау залы, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі  зертханасы, су зертханасының кешенді жинағы, компьютерлік сынып.

Ғылыми жұмысы
        Кафедра профессорлары Сатаев М.И., Д.Қ. А.Т. Сүлейменовтің және Арғынбаевтың жетекшілігімен сұйық, қатты және газтәрізді қалдықтарды өңдеу әдістері бойынша, химиялық және мұнай өндірістерінің ақаба суларын тазалау мәселелері бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Бірқатар ғылыми жұмыстар үлкен экономикалық тиімділікпен, өндіріске енгізілген.

  1. Б-11-04-01 «Улучшение производственной и экологической безопасности региона с разработкой технологии по переработке некондиционного сырья и техногенных отходов» (Жетекшісі: т.ғ.д., профессор ЖантасовҚ.Т., т.ғ.к. Наукенова А.С.);
  2. Б-11-04-03 «Утилизация техногенных фосфорных шлаков для создания высокоэффективных природоохранных сред из наноматериалов в аграрном секторе ЮКО РК» (Жетекшісі: т.ғ.д., профессор Арғынбаев Д.Қ., Саипов А.А.);
  3. Б-11-04-04 «Охрана окружающей среды - совершенствование безотходной технологии при производстве вяжущих материалов» (Жетекшісі: т.ғ.к., профессор Сулейменов А.Т., Серкебаев М.К.);
  4. Б-11-04-05 «Исследование космического излучения, как показателя нарушения природного баланса Земли для улучшения жизнедеятельности человека» (Жетекшісі: т.ғ.д., профессор ЖантасовҚ.Т., ф.-м.ғ.к. Маханов Б.Б.).  

Ғылыми бағыты
        Мамандықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыты өндірісте және төтенше жағдайлардағы қоршаған табиғи ортаның күйін кәсіби қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. Кафедрада келесідей мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде:
        1. Түрлі өндірістердің техногендік қалдықтарын және кондициялы емес шикізаттарды термохимиялық кешенді өңдеу негізін ғылыми қамтамасыздандыру мақсатында өндірістік қауіпсіздікті жақсарту.  Жетекшісі: т.ғ.к. Наукенова А.С.
        2. Өндірістік жанама өнімдерден цемент алудың ресурсүнемді технологиясы және химиясы.  Жетекшісі: т.ғ.к., профессор Сүлейменов А.Т.

Халықаралық қызмет
        Кафедрада келесі мемлекеттермен жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда: Ұлыбритания, Бельгия, Белорусия және Өзбекстанмен. «Improvement of ecological conditions of Southern-Kazakhstan by clearing the polluted waters and gaseous emissions and for forecasting of a condition of an environment» INTAS PROPOSAL FOR INTAS Collaborative Call with Kazakhstan-Research Project. Environ Monument, Southern-Kazakhstan state university named after M.O.Auezov-Kazakhstan, Kemsing Engineers Limited-United Kingdom, Institute of nuclear physics-Uzbekistan , V.A.Belyi Metal-Polymer Research Institute (MPRI) – Belarus тақырыптары бойынша.
        Кафедра студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Студенттердің ғылыми-зерттеулерінің нәтижелері халықаралық, өңіраралық, республикалық, университеттік конференцияларда баяндалып, өндіріске енгізуге ұсынылуда.

Біздің жетістіктер

 

Профессор Javier Rodrigo Illari 5B073100 ‘Тіршілік қауіпсіздігі және қоршған ортаны қорғау’ мамандығының студенттері, магистранттары және PhD докторанттарға дәріс оқу үстінде

Профессор Javier Rodrigo Illari және 5B073100«Құрылыс және Көлік»факультетте үш тілде оқыту ісіне жауапты С.Б. Жуматаева М.Әуезов атындағы ОҚМУ Музейінде

Біздің түлектер 

     Соңғы 8 жылда кафедра 300 жуық мамандар дайындап шығарған. Кафедра түлектері Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің халық шаруашылығының барлық саласындағы өндірістік кәсіпорындарда, комуналдық қызметтерде және су ресурстарын қорғау, пайдлану, реттеу ұйымдарында, облыстық қоршаған ортаны қорғау комитетінде, ғылыми-зерттеу институттарында, университеттерде, орта және арнаулы білім беру орындарында қызмет атқаруда.