Үсенқұлов Ж.А. 2017 жылдың 13 мен 20 қазан аралығында Оңтүстік Корея Республикасының Пусан және Сеул қалаларында Корей инженер-құрылысшылар қоғамының шақыртуымен іс-сапарда болып қайтты.

 Үсенқұлов Ж.А. 2017 жылдың 13 мен 20 қазан аралығында Оңтүстік Корея Республикасының Пусан және Сеул қалаларында Корей инженер-құрылысшылар қоғамының шақыртуымен іс-сапарда болып қайтты.
 Осы іс-сапарда Сеул қаласындағы Сеул Ұлттық университеті мен Уенсей университеттерінде болды.
Уенсей университетінде инженер-құрылысшылар мектебінде болды. Мектеп ұжымы алдында «Қазақстандағы білім беру: Инженер – құрылысшыларды даярлаудың негізгі принциптері, ОҚМУ мысалында» тақырыбында баяндама оқыды. Ғылыми зерттеу және білім беру облысындағы экология және азаматтық құрылыс мектебінің директоры Уин Мок Лиммен ары қарай бірлестік меморандумына қол қойылды.
Мектептің зертханалық базасымен танысты.
KSCE 2017 инженер-құрылысшылар қоғамының шақыртуымен 2017 жылдың 18 мен 20 қазан аралығында Оңтүстік Корей, Пусан қаласындағы Пусан көрме және конвенциялық орталықтарына барды.
Оңтүстік Кореяның Азаматтық, өнеркәсіптік және арнайы құрылыс облысындағы инженер–жобалаушылардың жетістіктерінің көрмесіне қатысты.
Осы конвенцияда «Құрылыс облысындағы жаhандық жобаларды өндіру» халықаралық пәнаралық семинарда  «ҚР-дағы инфраструктураның жағдайы және жетілдірудің перспективалары» тақырыбында баяндама оқыды.
Халықаралық семинардың қорытындысы бойынша Корей инженер-құрылысшылар қоғамының мадақтау хатымен марапатталды.