Жастар жылындағы жарқын жетістік

Жастар жылындағы жарқын жетістік

Елбасымыздың «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына орай үшінші мегаполисте алғаш рет озық ойлы, креативті жастар арасында «U:hack» жаңа идеялар фестивалі өтті. Аталмыш шарада «Құрылыс және көлік» факультетінің «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының ІІІ курс студенті Еркен Бауыржан бастаған команда «Кино және бейне» бағыты бойынша ІІ орынды иеленіп, қаржылай 150 000 тг ұтысқа ие болды. Студенттердің бар болғаны 24 сағат ішінде жасап шығарған бейне роликтері 1600 қатысушының ішінен ерекше көзге түсіп, өз нәтижесін көрсетті. Жастар жылындағы алғашқы жетістігіміз құтты болсын.