Жылысбаева Аққоңыр Нұрділләқызының шет елде машықтанудан өтімі

Алдын-ала келісім бойынша Валенсия политехникалық университетінде ғылыми жетекші ретінде ETSICCP институтынан профессор Javier  Paredes (рис.1.)тағайындалды. Ол жұмыс жасайтын бөлме мен орын берді, бірге университетте жасалатын жұмыстар бағдарламасын құрдық.

Сурет.1. Валенсия Политехникалық  университетіндегі ғылыми жетекші профессор JavierParedes

Университеттің Халықаралық істер жөніндегі маманы ClaudioBenavent-пен (сурет 2.) бірге екі университет арасындағы келісім шарт үш тілде (ағылшын, орыс, испан) дайындалды және де осы кісі осы келісім шартты ары қарай қол қойдыруға жауапты. Осы университеттің ETSIAMN институтының Халықаралық істер жөніндегі директоры Francisco Rovira-мен(сурет 3) келісім шарт бойынша кездестім. Осы жылдың желтоқсан айына келісім шарт дайын болады.

Валенсия Политехникалық университетінің жетекші мамандарымен  тығыз ғылыми байланыс орнату, ары қарайғы бірлескен ғылыми жұмыстарды жүргізу мақсатында осы университеттің ғылым, инновация және трансфер істері жөніндегі проректоры Jose E. Capilla  Roma-мен (сурет 4) кездестім. Ол кісі екі университеттің қарым қатынасын дамыту істеріне қолдау көрсететінін айтты.

Осы университеттің профессоры Javier Parеdes пен оның ассистенті C.Сorentin сабақтарына қатыстым, институттың лабораториялық базасымен таныстым, PhD студент Sara Gougallo-мен Альбуфера көліне барып, судың анализлерін жасадық (сурет 5).

Оқу-әдістемелік материалдармен танысу, университеттің кітап қорын және қажетті кітаптармен жұмыс жасау үшін бір күнді университет кітапханасындағы жұмысқа арнадым.

        

Сурет 4. Валенсия Политехникалық университетінің ғылым, инновация және трансфер істері жөніндегі проректоры профессорJoseE. CapillaRoma-мен кездесу

  

Қазақстанның су ресурстары және экологиялық мәселелері бойынша Валенсия политехника университетінің қоршаған орта инженерлері мамандығы магистранттарына лекция оқыдым. Шамамен 40 магистрант және Валенсия политехникалық университетінің 3 оқытушысы қатысты (сурет 5)

Сурет 5. Валенсия политехникалық университетінде лекция оқу сәті

Валенсия политехникалық университетінің жектекші ғалымдарының ғылыми-зерттеу бағыттарын анықтау мақсатында және университетіміздің ТҚ және ҚОҚ кафедрасының болашақ PhD докторанттарына бірге жетекшілік жасау бойынша тақырыптарды талқылау және келісу бойыншабірқатар ғалымдармен кездесіп, сұхбаттастым(Сурет 6-7).

Сонымен, іс-сапар кезінде алға қойылған мақсат толығымен орындалды. Валенсия Политехникалық университетінің жектекші профессорларымен ғылыми байланыс жасалды. Кәсіби қызметімде практикалық дағды, компетенция және тәжірибе алмастым.